Заңға бағыну – шектеу емес, ол әр азаматтың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі.
Ал тәртіп – қоғамдағы сенім мен тұрақтылықтың тірегі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Әділетті Қазақстанның іргесі заң мен тәртіптен басталады. Бұл – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір жастың жауапкершілігі.
Сондықтан бүгінгі жас ұрпақ заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауды өмірлік ұстанымына айналдыруы тиіс. Себебі қоғамның болашағы – жастардың қолында. Егер әрбір азамат өз құқығы мен міндетін терең түсініп, заң талаптарын орындаса, ел ішінде әділдік пен тыныштық орнайды. Ал бұл өз кезегінде экономиканың дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді.
Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар. Тұрақтылық бар жерде – даму бар. Сондықтан жастар тек білім алып қана қоймай, азаматтық жауапкершілікті де сезіне білуі қажет. Заңға бағыну – бұл қорқыныштан емес, саналы таңдаудан туындауы тиіс. Әрбір жас өз іс-әрекеті арқылы қоғамға үлгі бола алса, еліміздің болашағы жарқын болмақ.
Әділетті қоғам құру – баршамызға ортақ міндет. Бұл жолда тәртіп пен заңды сақтау – басты қағида болып қала береді.




