Еліміздің көркеюі мен дамуы әр азаматтың туған жерге деген жанашырлығынан басталады. Осы мақсатта елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді көркейтуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қала мен ауыл көшелері тазартылып, саябақтар мен аулалар ретке келтіріледі. Ағаш көшеттері отырғызылып, өзен-көл жағалаулары қоқыстан тазартылады. Мұндай игі істерге мемлекеттік мекемелер, еріктілер, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындар белсенді қатысуда.
Тазалық – тек сенбілікпен шектелмейтін күнделікті әдет. Әр адам өз ауласын, көшесін, қоғамдық орынды таза ұстаса, еліміз де көркейе түседі. Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.
«Таза Қазақстан» – бұл жай ғана акция емес, ол елге деген сүйіспеншілік пен ортақ жауапкершіліктің белгісі. Таза елде өмір сүру – әрбір азаматтың арманы әрі міндеті. Сондықтан баршамыз табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға үлес қосайық.




