"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" Жалпыұлттық коалициясының бір топ мүшелері Сәтбаев қаласында болды. Олар Денсаулық колледжінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Халық партиясының мүшесі Асылбек Нұралин Конституциялық реформаның былтырғы жылғы Президент Жолдауынан бастау алғанын атап көрсетті.
Ол жер байлығы — халық игілігі, азаматтардың еңбек етуге, білім алуға және т. б. құқықтары жобада анық та нақты жазылғанына тоқталды.
Асылбек Жұмашұлы келешекте жұмыс істейтін Халық Кеңесі туралы да жан-жақты түсінік берді.
Кездесу барысында коалицияның өзге де мүшелері де сөз алып, жиналғандар тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап қайтарды.




