Бүгінде елімізде жүзеге асып жатқан жаңа реформалар мен Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер – бұл жай ғана заңнамалық түзетулер емес, бұл – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Жастардың атынан айтылатын басты тілек – қабылданатын әрбір шешім, әрбір заң ең алдымен халықтың игілігіне қызмет етсе екен.
Мемлекет пен халықтың арасындағы сенім мен байланысты нығайтатын, әділдік пен ашықтыққа негізделген реформалар – ел болашағының берік кепілі. Себебі, біз – жастар, ертеңгі күннің иесіміз. Сондықтан бүгін қабылданған тарихи шешімдердің нәтижесін ертең біз көретін боламыз.
Бұл өзгерістер тек саяси жүйені жаңғыртып қана қоймай, қарапайым азаматтың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік әділдікті қалыптастыруға, жастарға жаңа мүмкіндіктер мен тың серпін беруге бағытталса екен дейміз.
Еліміздегі әрбір бастама халықтың үніне құлақ асатын, ел мен биліктің арасын жақындататын, бірлік пен тұрақтылықты нығайтатын игі реформаға айналсын деген ниеттеміз.
Біздің тілегіміз – қандай өзгеріс болмасын, оның түпкі нәтижесі халықтың әл-ауқатының артуына, тәуелсіз еліміздің дамуына және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне қызмет етсін.
Бұл – жастардың шынайы пікірі мен ел болашағына деген сенімі.
Жұлдызай Сыздықбаева,
Сәтбаев қаласы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары.




