Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыс көлемінде мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттардың, тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің штат саны – 869 бірлікті, нақты нақты саны – 743 бірлікті құрайды. Бос жұмыс орындары – 126 бірлік.
Нақты санның 44% ер адамдар, 56%- әйелдер. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40 жасты құрайды. 95% жоғары білімді, қалған 5% арнаулы орта білімі бар. Біреуден артық жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілердің саны – 197, магистр дәрежесі бар – 47. Магистр дәрежесі бар ҚР Президенті жанындағы МБА түлектерінің саны – 7.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі конкурс бойынша 44 адам тағайындалды, 2024 жылмен салыстырғанда 18 адамға өскен.
Жоғары лауазымдарға ауыстыру тәртібімен – 36 адам тағайындалды, 2024 жылмен салыстырғанда 16 адамға өскен (2024ж - 20 адам).
Есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңестің 8 отырысы өткізілді. Қаралған тәртіптік істердің жалпы саны 13-ті құрады, 15 профилактикалық мәселе қаралды.
Жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде 48 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, іс-сапар шығындары бойынша 7,5 млн теңге көлемінде қаражат өтелді. Бұдан бөлек, сыйақы беру кезінде заңсыз төленген 372 400 теңге бюджетке қайтарылды. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың тиімділігін көрсетеді.
Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша 2025 жылы 30 бақылау іс-шаралары өткізілді, оның ішінде: жоспарлы тексерулер – 14, жоспардан тыс тексерулер – 16.
Бақылау шаралары нәтижесінде жалпы 7975 бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ЖАО – 6474, ОМО АБ – 1501.
Департаментпен 2025 жылдың қорытындысы бойынша 800-ге жуық қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Есептік кезеңде қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуы жиі орын алған білім саласында 608 факт немесе 77%, одан кейін денсаулық сақтау 157 факт немесе 19%.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша 33 өтініш келіп түсті, тексеру және сұрау салу нәтижесінде, негізді жүгінгендердің ішінен 100%, яғни 5 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді және қорғалды
2025 жылы EgovkzTelegrambot телеграм бот платформасы азаматтардан әлеуметтік төлемдер, құжаттамалық қамтамасыз ету, медициналық қызметке лицензия беру мәселелері бойынша 16 өтініш түсіп, 2 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Бұл ретте, Департаментпен аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.




