Сәтбаев қаласындағы №49 референдум учаскесіне барғанымызда мүмкіндігі шектеулі жанды жолықтырдық. Сосын әрине, сөзге тарттық.
Оның аты – жөні Элеонора Ахтырская екен. Жасы 28 –де көрінеді.
– Референдумға қатысу – азаматтық борышым. Мен өз таңдауымды жасадым. Мемлекет қазақстандықтарға маңызды шешімді өздері қабылдау мүмкіндігін беріп отыр. Сондықтан, елмен, халықпен бірге учаскеге келіп дауыс бергенді жөн санадым , үйде отыра алмадым – дейді Элеонора.
Міне, біздің елдің патриоттары қандай?! Азаматтық жауапкершілік дегенді қалай керемет түсінеді десеңізші!
Қарап тұрып риза боласың...
Мейрамкүл Саяжан




