Қазіргі заманда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Интернет, әлеуметтік желілер, электронды қызметтер мен онлайн төлем жүйелері күнделікті тұрмысымызды жеңілдеткенімен, жеке деректердің қауіпсіздігі мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Осы орайда Жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау ерекше маңызға ие болып отыр.
#атазаң аясында ұсынылған бастамалар әр адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық қағидатын күшейтуді көздейді. Яғни, азаматтардың жеке мәліметтері заңсыз жиналмауы, сақталмауы және үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс. Бұл — тек техникалық емес, сонымен қатар құқықтық кепілдік. Мемлекет цифрлық кеңістікте де адамның ар-намысы мен бостандығын қорғауға міндетті.
Сонымен қатар, жаңа конституциялық нормалар ақпаратқа қол жеткізу құқығын, сөз бостандығын және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады. Азаматтар өз деректерінің қалай және қандай мақсатта қолданылып жатқанын білуге құқылы болуы керек.
Жаңа Конституция жобасы цифрлық дәуір талаптарына жауап беретін заманауи құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл — әрбір азаматтың дербес деректерінің қорғалуына және цифрлық ортада қауіпсіз өмір сүруіне берілетін берік кепіл.
#казахстан #референдум #конституциярк #атазаң




