Әне-міне дегенше бұл референдум да мәреге жетті. Референдум болады дегеннен бастап аз уақыт қана өтсе де ақпараттық жұмыстар жақсы жүргізілді. Халықтың бәрі құлақтанды десек те болады. Оған дәлел ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелері бойынша мәліметі. Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады. Бұл өте қуантарлық нәтиже. Біз еліміз үшін дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймын. АЭС құрылысының болашақта елімізге әкелер пайдасы зор екеніне сеніміміз мол!
Бақыт Макашова,
Сәтбаев қалалық аналар кеңесінің мүшесі