жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025

АЭС БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРМЕЙДІ

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәслесі көтерілгелі ел ішінде жаңа станция өзен-көлдердің тартылып қалуына әкелуі мүмкін деген ой айтылуда. Шындығында солай ма?

Мамандардың айтуынша, Балқаш көлінен АЭС қажеттіліктері үшін жұмсалатын жылдық су ысырабы оның табиғи булануының шамамен 0,33 пайызына ғана тең.

«Елімізде органикалық отынды жағу кезінде көмірқышқыл газы – 81,6 пайыз, метан – 12,4 пайыз және азоттың шала тотығы 5,6 пайыз бөлінеді. Бұл – зиянды заттар. Айталық, жылу электр орталығы мен атом электр стансасы 1 ГВт электр энергиясын өндіреді делік. Сол кезде ЖЭО 120 мың тоннаға дейін күкірт тотығын, 20 мың тоннаға дейін азот тотығын, 1 500 тоннаға дейін майда күл, 3 млн тоннаға дейін көмірқышқыл газын, 300-400 мың тоннаға дейін күл шығарады. Ал АЭС-те мұндай зиянды заттар 0 тоннаға тең», – дейді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика кафедрасының оқытушысы Амангелді Нұрлан айтты.

1200 МВт екі блокты АЭС салқындату мұнараларындағы судың жылдық шығыны 0,063 млрд текше метр деп бағаланады. Балқаш көлінің көлемі -108 млрд текше метр. Балқаш көлінің бетінен булану көлемі жылына 18,934 млрд текше метрді құрайды. Яғни, Балқаш көлінен АЭС қажеттіліктері үшін жұмсалатын жылдық су ысырабы оның табиғи булануының шамамен 0,33 пайызына ғана тең.

Маманның пікірінше, 2050 жылға қарай барлық елдің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт дейін 2 есеге артады. Жалпы, әлемде 415 реактор жұмыс істе тұр. Олар 373 735 МВт электр энергиясын өндіреді.

Мұнан бөлек, әлемнің 15 елінде 60 реактор салынып жатыр. Бұл реакторлар пайдалануға берілген кезде қосымша 62 637 МВт электр қуатын өндіретін болады.

Дүйсен Жаппаров,

Сәтбаев индустриалды колледжінің студенті. 

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *