Өркениетті әрі озық елдің заңы — әділ, билігі — білікті, ал азамттары — саналы және белсенді болары хақ. Өркениетті әрі озық елдің басты тірегі – әділ заң, білікті билік және саналы азамат. Заң – мемлекеттің айнасы, қоғамдағы тәртіп пен әділдіктің кепілі. Әділ заң үстемдік құрған жерде азаматтардың құқығы қорғалып, теңдік пен сенім орнайды. Мұндай елде ешкім заңнан жоғары тұрмайды, ал әрбір адам өз міндетін түсініп, қоғам игілігі үшін әрекет етеді.
Білікті билік – мемлекетті дамытудың қозғаушы күші. Халықтың сенімін ақтайтын билік елдің мүддесін бірінші орынға қойып, парасаттылық пен жауапкершілік танытады. Басқару ісінде әділдік, ашықтық және кәсібилік болса, мемлекет өркендеп, экономика мен мәдениет гүлденеді.
Ал елдің ең басты байлығы – саналы және белсенді азаматтар. Олар өз елінің тағдырына бейжай қарамай, қоғам өміріне белсене араласады. Саналы азамат өз құқығы мен міндетін біледі, әділдік пен адалдықты ту етеді.
Осы үш қағидат – әділ заң, білікті билік және саналы азамат – бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бар жерде ғана ел іргесі берік, болашағы жарқын болады. Шынайы өркениет – осындай үйлесімділіктен бастау алады.
