Абай болу керек

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жезқазған қаласы полиция басқармасында зейнетақы қорынан ақша шығаруға көмектесемін деп алдап, 52 жастағы әйелден 8,5 миллион теңге жымқырған алаяқтық фактісі тергелуде. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Зардап шеккен әйелдің арызына сәйкес, алаяқтық әрекеттер 2025 жылдың қаңтар айында басталған.
Жәбірленушінің келінінің танысы зейнетақы қорындағы қаражатты шығаруға көмектесемін деп сеніміне кірген. Ол әйелдің телефонын пайдаланып, «Халық Банк» АҚ-нан 2 миллион теңге тауарлық несие және тағы 2 миллион теңге несие рәсімдеген.
Дәл сол схема бойынша «Kaspi Bank» АҚ-нан 1 миллион теңге тауарлық несие алынған. Келесі күні тағы да «Kaspi Bank» АҚ-нан 2 миллион теңге көлемінде тауарлық несие рәсімделген. Алаяқтық әрекеттер ақпан айында да жалғасып, «Freedom Bank» АҚ-нан 1,5 миллион теңге несие рәсімделген.

Осылайша, Жезқазған тұрғынына жалпы 8 500 000 теңге мөлшерінде елеулі материалдық шығын келтірілді.

Қазіргі уақытта полиция осы алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Алаяқтық әрекеттердің толық мән-жайы мен оған қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Абай болыңыз!
Есіңізде болсын: алаяқтардың құрбаны болмау үшін әрдайым сақ болыңыз. Ешқашан жеке мәліметтеріңізді, банк карталарыңыздың деректерін немесе телефондарыңызды бейтаныс адамдарға бермеңіз. Күмәнді жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына немесе банк өкілдеріне хабарласыңыз.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *