Жерлестердің жүрек жарды тілектері

Жаңалықты бөлісіңіз:

Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Республика күні – еліміздің басты құндылығы – бірлік пен ынтымақты еске алатын күн. Татулықты сақтап, бірлікті нығайту – біздің басты парызымыз. Баршаңызды осы келе жатқан Республика күні мерекесімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Бейбітшілігіміз мәңгілік болсын!

Заман Амина, жастар ресурстық орталығының маманы.

Республика күні – болашаққа сеніммен қадам басатын күн.
Бұл күн — Тәуелсіздікке жету жолында маңызды рөл атқарған көрнекті тұлғаларды еске алуға мүмкіндік. Олардың патриотизмі мен адалдығы болашақ ұрпақ үшін үлгі болып, ел өміріне белсенді қатысуға шабыт береді. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, мақсаты айқын! Жастарымыздың білімге, еңбекке, мәдениетке ұмтылуы – елдің дамуына негіз. Әрбір жас ұрпақтың жетістігі – еліміздің болашағына жасаған қадамы. Алға, Қазақстан!

Ғалымжан Нұрпейсов, қалалық мәслихат депутаты

Бүгінгі күн – ертеңгі ұрпаққа мұра. Республика күні – біздің болашағымызға жауапты ұрпаққа қалдыратын баға жетпес аманат. Президент өз сөздерінде бұл мереке тәуелсіздікті қорғау барлық азаматтардың ортақ ісі екенін еске салады деп баса айтты. Тәуелсіздікті құрметтеу, елді қорғау, бірлікті нығайту – әрбіріміздің қасиетті борышымыз. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын!

Бақыт Макашова, аналар кеңесінің мүшесі

25 қазан – халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігін айқындаған ұлы күн! Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, Республика күні ежелгі мемлекеттіліктің қайта жандануын білдіреді, оның бастаулары Түркі қағанаттары мен Қазақ хандығынан басталады. Бұл мереке ата-бабаларымыздың еркіндік жолындағы күресі мен тәуелсіздікке және егемендікке деген ұмтылысын бейнелейді. Республика күні еліміздің болашағына жарқын жол ашқан тарихи белес. Отанымыз гүлдене берсін! 

Жайық Мұңсызбаев, ҚР және ТМД елдеріне еңбегі сіңген энергетик, қаланың құрметті азаматы.

Әйнегі күн, шатыры аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдерң көкке күмістер шашқан

Қазақстан Республикам менің.

Құрметті де қымбатты достар!

Сіздерді жақындап келе жатқан жарқын мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің елдің егемендігін, тәуелсіздігін және тарихи жеңістерін ұлықтайтын ұлы күн! Бүгін біз еліміздің өткенін құрметтей отырып, болашағына сеніммен қараймыз. Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы, ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық – біздің басты құндылықтарымыз. Әрбір азаматтың ерен еңбегі мен табандылығы, ұлттың ортақ мүддеге ұмтылуы – еліміздің дамуының негізі. Осындай мерекелі күні баршаңызға амандық, молшылық, береке мен табыс тілеймін. Әр шаңырақта шаттық пен қуаныш орнап, Отанымыздың туы әрдайым биік желбірей берсін! Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп, жаңа биіктерге бірге жете берейік!

Республика күні құтты болсын!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *