Халық арасында талқыда жүрген АЭС құрылысы бойынша референдум да кеше аяқталды. Референдум аяқталған сәттен бастап ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Осы мәліметтерге сүйенсек референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құраса, Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтар осы халықтың 71,12% құрады. Шынымды айтсам6 мұндай нәтиже болады деп күтпеп едім.
Себебі осы референдум болады дегеннен бастап менде сайлаушылар барар ма екен, не болар екен деген күдіктер болғаны жасырын емес7 Бірақ уақыт өте келе үгіт-насихат жұмыстарының жақсы қарқында жүріп жатқанын байқадым. Күдігім де сейле бастады. Халықтың пікірі де жақсара бастады. Кеше осы нәтижелерді көріп бір қуанып қалдым. Себебі бұл жоба біздің жарқын болашағымыздың кепілі десем де болады. Ал еліміздің болашағаы – ұрпағымыздың болашағы!
Арайлым Әбдімәлік, Сәтбаев қаласының мемлекеттік архивінің әдіскері