Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі алғаш айтылғаннан бастап кәсіби мамандар түснідіру, талқылау жұмыстарын бастап кетті. Ол жұмыстың негізгі бөлігі Президентімідің былтырғы Жолдауынан соң, осы референдум науқаны басталғанға дейін жүрді. Референдум ресми жарияланған соң да халықтық штаб өкілдері, әр өңірдегі энергетик, физик мамандар өз сарапшылық пікірлерін ортаға салды. Мұның барлығы халықтың мәселенің оң-солын жан-жақты талдап, таңдау жасауына мүмкіндік берді деп ойлаймын.
Өз басым телеарнадан, басылымдардан әр аймақта өткен жария талқылаулар, халықтық штаб өкілдерінің кездесулері хабар алып отырдым. Онда айтылған пайымдауларды да қадағалап, мұқият таныстым. Бүгін міне, санаулы сағаттардан соң референдум да мәресіне жетеді. Халқымыз өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып, қоғам талқысына ұсынылған маңызды мәселе бойынша таңдауын жасайды.
Тағы бір қосарым, АЭС құрылысы – ел Тәуелсіздігі жылдарындағы ең ауқымды, стратегиялық жоба. Халық елімізге «АЭС керек» деген шешім қабылдаса, ел экономикасының жаңа дәуірі басталады деп санаймын.
Тұрсынбек МӘКІШЕВ,
Қазақстанның еңбек Ері.