Тарихи шешім қабылданатын күн

Жаңалықты бөлісіңіз:

Елімізде атом электр станциясын салу мәселесіне арналған референдумда дауыс беру аяқталуға жақын. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 16.00-ге дейін референдум учаскелерінде жалпы сайлаушылардың57,68 %-ы өз таңдауын жасаған.

Жалпы алғанда, референдум өтті деп санауға қажет меже бағындырылды. Бүгін – тарихи күн. Қазақстан халқы еліміздің энергетикасының келесі ондаған жылдың болашағын айқындайтын таңдау алдында тұр. Әрбір дауыс шешуші рөл атқарады. Президент референдумда дауыс беріп, еліміздің тарихындағы осы сәттің маңыздылығын атап өткен болатын.

Еліміздің болашағы – біздің қолымызда. Бүгін қабылдаған шешім тұрақтылық пен өркендеуді ұзақ жылға қамтамасыз етеді деген сенімдемін.

Мұңсызбаев Жайық- ҚР Құрметті энергетигі, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *