Осыдан бір айдай уақыт бұрын Астанада Дүниежүзілік V көшпенділер ойындарындарының дүркіреп өткені белгілі. Әлемнің назарын өзіне аударған Ұлы дүбір аясында қазақтың қолөнері де дәріптелген болатын. Соның бірі құрақ көрпеше құраушылар еңбегінің Гиннесс кітабына енгізілгені еді.
Саусақтарынан өнер тамған жандардың арасында Сәтбаев қаласының да өкілдері бар болатын. Солардың бірі Күләш Мизанбаева референдумға дауыс беруге ерекше жағдайда келді. Ұлттық киімге малынып киінген қыз –келіншектер, аналар учаскеге кіріп келгенде дауыс берушілер де, байқаушылар да зор таңданыспеен жалт қарады.
-Мен көптен бері қазақтың қолөнерін дәріптеп жүрмін. Құрақ құраудан бөлек, ұлттық киімдер де тігемін. Бүгінгідей үлкен шара өтіп жатқанда, сол өнерімізді көпшілікке тағы бір мәрте көрсетіп қалғанды жөн көрдік. Сөйтіп, референдум учаскесіне ұлттық киім киінген әріптестерімнің қолдауымен келіп тұрмын. Халықтың өз келешегіне қатысты таңдау жасауы да біле білгенге бір мереке іспетті ғой. Сондықтан, мерекелік көңіл – күйді одан әрі асқақтатуды мақсат тұттық –деді Күләш Сейітқызы өзінің дакыс беруге ерекше жағдайда келу себебін туралы.
Абдулла Дастанов
