2024 жылғы Жолдау және АЭС құрылысыбойынша референдум

Жаңалықты бөлісіңіз:

2024 жылы Қазақстанның Президенті жылсайынғы халыққа Жолдауын жариялады. БұлЖолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, халықтың әл-ауқатын жақсарту жәнемаңызды саяси өзгерістер туралы айтылды. Жолдаудың ең басты тақырыптарының бірі – Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі. Осыған байланысты халық арасындареферендум өткізу туралы шешім қабылданды. Енді ел тұрғындары АЭС салу туралы өз пікірлерінбілдіре алады.

Атом электр станциясы (АЭС) дегеніміз не?

АЭС – электр энергиясын өндіретін станция. Ол атомның ядросын бөлген кезде пайда болатынэнергияны пайдаланады. АЭС-тің бастыартықшылығы – оның атмосфераға зиянды газдаршығармайтыны. Сондықтан ол экологиялық таза энергия көзі болып саналады. Алайда атом энергиясы қауіпті болуы мүмкін, себебі егерстанцияда апат болса, радиоактивті заттарқоршаған ортаға таралып, адамдар мен табиғатқазиян келтіруі мүмкін.

АЭС салудың пайдасы:

1. Тұрақты энергия көзі: АЭС көп мөлшердеэнергия өндіреді және ол ұзақ жылдар бойыүздіксіз жұмыс істей алады.

2. Экологиялық таза: АЭС көмір мен газбенжұмыс істейтін станциялар сияқты атмосферағазиянды қалдықтар шығармайды. Бұл климаттыңөзгеруімен күресуде маңызды рөл атқарады.

3. Энергетикалық тәуелсіздік: Қазақстан уран қорына бай ел болғандықтан, АЭС салу арқылы ел энергетикалық тәуелсіздігін нығайта алады.

2024 жылғы Жолдаудың негізгі бағыттары

Президент өз Жолдауында елдің дамуы үшінқажетті негізгі реформаларды атап өтті. Ол білімберу, денсаулық сақтау, экономиканы дамыту жәнеэкология мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстанның энергетикалыққауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атом электрстанциясын салу қажеттігі туралы айтты.

Осыған байланысты, мемлекет АЭС салу мәселесін халықтың талқысына салу үшін 6 қазанкүні референдум өткізуді жоспарлап отыр. Референдум – бұл маңызды мәселелер бойыншахалықтың тікелей дауыс беруі. Бұл жолы Қазақстантұрғындары АЭС салуға келісетінін немесе қарсыекенін білдіре алады.

Референдумның маңызы 

Референдум – әр азаматтың ел болашағытуралы өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді. Қазақстанда АЭС салу туралы шешім тек үкіметкеемес, халыққа да байланысты болады. Сондықтанәрбір азамат өз ойын білдіріп, елдің энергетикалықсаясатына ықпал ете алады.

2024 жылғы Президенттің Жолдауы мен АЭС салу мәселесі Қазақстанның болашағы үшінмаңызды тақырыптар болып отыр. АЭС салу – біржағынан экологиялық таза энергия өндірудің тиімдіжолы болса, екінші жағынан оның қауіп-қатерлеріде бар. Сондықтан халық 6 қазандағыреферендумда өз шешімін қабылдап, елдіңэнергетикалық саясатын анықтауға атсалысады.

Гүлнұр Барикенова,

Инустриалдық колледж студенті

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *