Мектепте «Заң мен тәртіп» апталығы аясында танымдық іс-шара өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

*Мектепте «Заң мен тәртіп» апталығы аясында танымдық іс-шара өтті*

Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған бұл іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрметін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу болды.

Шара барысында оқушылар арасында түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, олар өз білімдерін көрсетіп, құқықтық тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар құқық пен тәртіп туралы тәрбиелік мәні бар көріністер қойылып, оқушылар өмірлік жағдайларды сахнада шеберлікпен көрсете білді.

Іс-шара соңында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар жастардың заңды білуге деген қызығушылығын оятып, жауапкершілік сезімін арттыратыны сөзсіз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Заң мен тәртіп» апталығы алдағы күндері де түрлі форматтағы танымдық, спорттық және шығармашылық бағыттағы іс-шаралармен жалғасын табады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *