*Алаяқтықтың алдын алу — ортақ міндет*
Жезқазған қаласында «БІРЛІК» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» апталығы аясында «Абай болыңыздар, алаяқтар!» атты ақпараттық акция өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және алаяқтықтың алдын алу. Акция барысында еріктілер халық көп жиналатын орындарда ақпараттық парақшалар таратып, азаматтарға алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері мен олардан қорғану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тұрғындарға өз жеке деректерін ешкімге бермеу, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, сондай-ақ бейтаныс адамдарға банк деректемелерін жарияламау жөнінде кеңестер берілді.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар арқылы қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатынын атап өтті. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
