*«Зиянды әдетке – жол ЖОҚ!» акциясы өтті*
Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп бойынша – зиянды әдетке жол жоқ!» ұранымен ақпараттық-насихаттық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Акция барысында тұрғындар мен жастарға зиянды әдеттердің (темекі, ішімдік, есірткі) адам денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпараттар берілді. Қатысушыларға арнайы дайындалған брошюралар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың саналы таңдау жасауына, өз өміріне жауапкершілікпен қарауына ықпал ететінін атап өтті. Акция қорытындысында қатысушыларға «Салауатты өмір – өз қолыңда!» деген үндеу жолданып, өмірлік құндылықтарды жоғары қоюға шақырды.
Жастар ресурстық орталығы осындай тәрбиелік маңызы бар шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
