ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕҢ ҮЛКЕН ҚҰНДЫЛЫҚ

Жаңалықты бөлісіңіз:

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕҢ ҮЛКЕН ҚҰНДЫЛЫҚ

2025 жыл – Жұмыскер мамандықтар жылы. Елімізде еңбек адамының мәртебесін көтеру, жұмысшы қауымның рөлін айқындау мақсатында атқарылып жатқан игі бастамалардың ішінде мұғалім мамандығының орны ерекше. Өйткені қай салада болмасын кез келген білікті жұмысшының, кәсіби маманның қалыптасуы ең алдымен ұстаздан басталады.

Мұғалім – тек білім беруші емес. Ол – шәкірт жүрегіне бағыт беретін жол көрсетуші, жас ұрпақтың болашағына жан бітіретін шамшырақ. Жұмысшы мамандықтар жылы атқарылып жатқан шаралар аясында ұстаздардың еңбегі тағы бір мәрте бағаланып, олардың қоғамдағы рөліне назар аударылуда.

Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген педагогтардың міндеті – тек теориялық білімді үйрету емес, сонымен бірге жас буынды өндіріс орындарына, нақты еңбек дағдыларына бейімдеу. Ұстаздың әр сабағы, әр кеңесі – ертеңгі білікті механиктің, электриктің, жүргізушінің, технологтың қалыптасуына қосылған үлес.

Сондықтан да бұл жыл – мұғалімдер үшін өз кәсібінің маңыздылығын тағы бір дәлелдейтін, еңбектің қадірін арттыратын ерекше кезең. Қоғам дамуы, өндірістің өркендеуі, сапалы мамандар легінің қалыптасуы – барлығы ұстаздардың қажырлы еңбегімен тығыз байланысты.

Ұстаз еңбегін құрметтеу – еңбек адамына деген құрметтің бастауы.
Жұмысшы мамандықтар жылы ұстаздарқа шабыт, жаңа серпін, кәсіби жетістіктер әкелсін!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *