Келешек мектептері

Жаңалықты бөлісіңіз:

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірлерде 176 жаңа мектеп салынды, ал жыл соңына дейін тағы 41 білім ошағы пайдалануға беріледі.

Бұл – өсіп келе жатқан бала санына байланысты орын тапшылығын азайтуға, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін жүйелі түрде шешуге бағытталған маңызды қадам. Жаңа білім нысандары заманауи стандарттарға сай салынып, кең, жарық сыныптармен, интерактивті кабинеттермен, STEM зертханаларымен, спорт және шығармашылық залдарымен толық жабдықталуда.

«Келешек мектептері» жобасы тек ғимарат салу емес, білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Жаңа форматтағы оқу орындары оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың технологиялық сауаттылығын арттыруға және сапалы білім алуына толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалімдер үшін қолайлы еңбек ортасы жасалып, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізуге жағдай жасалады.

Ұлттық жобаның нәтижесінде мыңдаған оқушы жаңа мектепте білім алып, қауіпсіз әрі жайлы ортада өсуге мүмкіндік алады. Бұл – ел болашағына, жас ұрпаққа жасалған үлкен инвестиция.

Еліміздегі білім инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасып, барлық өңірлерде жаңа мектептер саны арта бермек.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *