ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ: ЖАҢА БАҒДАРШАМДАР МЕН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МАКЕТТЕРІ

Жаңалықты бөлісіңіз:

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ: ЖАҢА БАҒДАРШАМДАР МЕН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МАКЕТТЕРІ

Сәтбаев қаласында соңғы жылдары қалалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала көшелеріндегі тәртіпті жақсарту, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру бағытында бірқатар маңызды бастамалар қолға алынуда. Әсіресе жол қозғалысы саласындағы жаңғырту жұмыстары қаланың көркі мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартып отыр. Осы жұмыстардың бірі – бағдаршамдар мен ескерту белгілерін жаңарту.

Сәтбаев қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қолданыста болған ескі үлгідегі бағдаршамдар жиі істен шығуы және қосалқы бөлшектерін табудың қиындығына байланысты жаңа үлгідегі бағдаршамдарға ауыстырылды. 7 бағдаршамды қиылыстарға орнату және жаңарту жұмыстары атқарылды:

• Ерден көшесі — Тәуелсіздік даңғылы;
• Сәтбаев даңғылы — Мұратбаев көшесі;
• Тәуелсіздік даңғылы — Наурыз көшесі;
• Гурбы көшесі — Мәңгілік Ел көшесі;
• Гурбы көшесі — Тәуелсіздік даңғылы;
• Қалмағамбетов көшесі — Сәтбаев даңғылы;
• Наурыз көшесі — Байқоңыров көшесі.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мектептер мен балабақшалар маңындағы автомобиль жолдарына 28 дана оқушы бейнесіндегі ескерту макеті орнатылды. Бұл макеттер жүргізушілердің назарын жаяу жүргіншілер өткелдеріне аударуға және жолдағы сақтықты арттыруға бағытталған.

Жасалған жұмыстар қаланың жол инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіруге елеулі үлес қосуда. Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету – қала дамуындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта да Сәтбаев қаласында жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздік шараларын жетілдіру жалғасын табады. Бұл өзгерістер қала инфрақұрылымының дами түсуіне және тұрғындардың өмір сапасының артуына оң әсер етеді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *