«Полицияның қоғамдық көмекшілері» жобасы табысты жүзеге асырылуда

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Полицияның қоғамдық көмекшілері» жобасы табысты жүзеге асырылуда

 

Өңірде азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында «Полицияның қоғамдық көмекшілері» жобасы табысты түрде іске асырылып келеді.

 

Жыл басынан бері аталған жоба аясында 67 қоғамдық көмекші тартылған. Олар үшін кәсіби даярлықты күшейту мақсатында 8 оқу семинары ұйымдастырылды. Сонымен қатар 54 рейдтік іс-шара өткізіліп, 72 қоғамдық кездесу ұйымдастырылды. Осы жұмыстар барысында 2 150 тұрғынға заңнама талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелері түсіндірілді.

 

Қоғамдық көмекшілер полиция қызметкерлерімен бірге бірқатар ортақ рейдтерге және профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Олардың қолдауымен 271 құқықбұзушылық дерегі анықталған.

 

Жоба алдағы уақытта да жалғасын табады. Құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі түрде әрі тұрақты жүргізілетін болады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *