Жасанды интеллектке құқықтық негіз: жаңа заң нені өзгертеді?

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жасанды интеллектке құқықтық негіз: жаңа заң нені өзгертеді?

 

Президент қол қойған «Жасанды интеллект туралы» заңы Қазақстандағы цифрлық саясаттың жаңа кезеңін бастайды. Жасанды интеллект жүйелерінің кеңінен таралуына байланысты тәуекелдер мен артықшылықтарды тең ұстайтын құқықтық механизм қажет болғаны белгілі.

 

Жаңа заң ЖИ жүйелерін ақпараттандыру объектісі ретінде анықтайды және оны адамның белгілі бір міндеттерін атқаруға арналған құрал ретінде қарастырады. Бұл ретте меншік иелері мен пайдаланушыларға жауапкершілік жүктеліп, қауіпсіздік, ашықтық, түсініктілік, әділдік, деректердің қорғалуы секілді қағидаттар заңмен бекітілді.

 

Маңызды жаңалықтардың бірі – қауіпті немесе манипуляциялық қабілеттері бар ЖИ жүйелерін жасауға және қолдануға тыйым салынуы. Бұл адамның еркіндігіне, құқықтарына және жеке деректеріне қауіп төндірмеу мақсатында енгізілген.

 

ЖИ қолданылған өнімдер мен қызметтерді таңбалау талабы да ерекше мәнге ие. Бұл қоғамда ашықтықты арттырып, азаматтарға ақпараттың қай бөлігін машина жасағанын білуге мүмкіндік береді.

 

Ұлттық жасанды интеллект платформасы туралы нормалар Қазақстанның ЖИ саласын дамытудағы стратегиялық бағытын айқындайды. Платформа әзірлеушілерге моделдерді оқытуға, сынауға мүмкіндік беретін орта ретінде қызмет етеді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *