Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды

 

Президент «Жасанды интеллект туралы» жаңа заңға қол қойды. Құжат ЖИ жүйелерін ақпараттандыру нысаны ретінде айқындап, олардың қауіпсіз әрі жауапты қолданылуына бағытталған.

 

Енді ЖИ жүйелерінің меншік иелері мен пайдаланушылары тәуекелдерді басқаруға, жүйенің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Заңдылық, әділеттілік, ашықтық, деректерді қорғау сияқты қағидаттар енгізілді.

 

Манипуляциялық немесе заңсыз жолмен деректер жинайтын қауіпті ЖИ жүйелерін жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ ЖИ қолданылған өнімдер мен қызметтер міндетті түрде таңбаланатын болады.

 

Ұлттық жасанды интеллект платформасын дамытуға қатысты құқықтық негіз бекітілді. Заң ресми баспасөзде жарияланады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *