Президент «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды

Жаңалықты бөлісіңіз:

Президент «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды

 

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерінің қызметін құқықтық тұрғыдан реттеуге бағытталған алғашқы кешенді акт болып табылады.

 

Заңда ЖИ жүйелерінің негізгі қағидаттары айқындалды. Жасанды интеллект енді ақпараттандыру нысаны және адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде белгіленеді. Осыған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылардың жауапкершілігі мен бақылау тетіктері бекітілді.

 

ЖИ жүйелерін қолданушыларға тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, техникалық қолдау көрсету міндеттері жүктеледі. Сондай-ақ заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық, адам игілігін басым қою, деректерді қорғау және құпиялылық сияқты қағидаттар енгізілді.

 

Қазақстан аумағында белгілі бір қауіпті мүмкіндіктерге ие ЖИ жүйелерін (манипуляциялық, түпсаналық, заңсыз деректер жинау тәсілдерін қолданатын) әзірлеуге және пайдалануға тыйым салынады.

 

Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен жасалған тауарлар, жұмыстар және қызметтер арнайы таңбалануға тиіс.

 

Заң ұлттық жасанды интеллект платформасының қызметін реттейтін құқықтық базаны да қалыптастырды. Платформа ЖИ моделдерін әзірлеу, оқыту және сынақтан өткізу үшін шектеулі мерзімде пайдаланылатын болады.

 

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *