СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қаланың инженерлік инфрақұрылымын жүйелі жаңарту – тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың және болашаққа берік негіз қалаудың маңызды бөлігі. Осы бағытта Сәтбаев қаласында соңғы уақытта ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – кәріз желілерін кезең-кезеңімен қайта жаңғырту.
Бүгінде жергілікті бюджет есебінен Аманжолов, Құрманғазы және Бәйсейітова көшелеріндегі ескірген кәріз жүйелері толықтай ауыстырылды. Жұмыстарды тәжірибелі мердігер – «ЖАНЕМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындады.
Аталған жобалар қаланың санитарлық және экологиялық қауіпсіздігін нығайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұзақмерзімді инфрақұрылымдық қадам болып табылады.
Сәтбаев қаласының мақсаты – қауіпсіз, таза және қолайлы қалалық орта қалыптастыру. Инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасын табады.
