«Ташкент-Хумо» әуежайында Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері әңгімелесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында жүздесіп, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын жаңа деңгейге көтеру мәселелерін талқылады.
Әңгіме барысында екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Мемлекет басшылары сауда айналымын ұлғайту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, шекара маңындағы ынтымақтастықты күшейту және көлік-логистика саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты ортақ ұстанымдар атап өтіліп, алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық барысы талқыланды.
Көшбасшылар екі ел арасындағы тарихи достық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ниетті екендерін жеткізді.
Ақпарат көзі: t.me/aqorda_resmi
