Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірлерде 176 мектеп салынды, ал жыл соңына дейін тағы 41 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл жоба – өскелең ұрпаққа заманауи білім беру үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.
Жаңа мектептер заманауи жабдықтармен, цифрлық технологиялармен және ыңғайлы оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға және ғылыми-зерттеу бағытында жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы – білім беру саласындағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл бастама еліміздің болашағы үшін, жастардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып өсуіне зор үлес қосады.
