Жолдау жастардың көзімен: Үміт және мүмкінд

Жаңалықты бөлісіңіз:

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы — еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат қана емес, сонымен қатар жастарға жаңа үміт пен мүмкіндік сыйлаған тарихи сәт деуге болады. Бұл жолғы Жолдау елдің әлеуметтік, экономикалық, білім және мәдени салаларындағы өзекті мәселелерді қамтып қана қоймай, жастардың қоғамдағы орнын айқындайтын нақты міндеттерді де жүктеді.

Президент атап өткендей, еліміздің ертеңі — саналы, білімді, жауапкершілігі жоғары жастардың қолында. Бұл сөз әрбір жасқа үлкен сеніммен қатар, зор жауапкершілік жүктейді. Мемлекет тарапынан білім алу, кәсіби біліктілікті арттыру, жастар кәсіпкерлігін қолдау, волонтерлік пен экологиялық мәдениетті дамыту бағыттарында ауқымды жобалар іске асуда. Осындай қолдаулар жастардың өз әлеуетін ашуына жол ашуда.

Бүгінгі таңда жастар тек тыңдаушы емес, өзгерістердің белсенді қатысушысына айналып келеді. Сәтбаев қаласының жастары да еліміздің жаңғыру үдерісіне өз үлесін қосып жүр. Қаламызда жүзеге асып жатқан еріктілік бастамалар, экологиялық акциялар, шығармашылық және спорттық жобалар – осының айғағы.

Біздің басты мақсатымыз – әрбір жасқа өз орнын табуға, арманын іске асыруға мүмкіндік беру.

Жолдауда көтерілген ең өзекті тұстардың бірі – әлеуметтік әділдік пен тең мүмкіндік қағидасы. Бұл – жастардың қоғамда өз әлеуетін толық көрсетуіне негіз болады. Әсіресе ауыл мен қала арасындағы білім мен жұмыспен қамту теңсіздігін азайту – болашаққа сенімді қадам. Себебі әділ қоғамда ғана үміт бар, ал үміт бар жерде мүмкіндік мол.

Бұл Жолдау – тек мемлекеттік саясаттың жаңа кезеңін бастайтын құжат емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған нақты іс-қимыл жоспары. Президенттің жастарға артқан сенімі – олардың ел дамуының негізгі қозғаушы күші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондықтан әрбір жас өз ісінде табандылық танытып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуы қажет.

Сәтбаев қаласының белсенді жастары да осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, түрлі әлеуметтік жобалар арқылы қоғамға өз үлесін қосуда. Эко-акцияларға қатысып, қала көшелерін абаттандыру, қарттарға көмек көрсету, ұлттық мәдениетті насихаттау сынды істер – жастардың жауапкершілігі мен ұйымшылдығын айғақтайды.
Болашақ – біздің қолымызда. Сондықтан әрбір жас өз арманын іске асырып қана қоймай, ел дамуына өз үлесін қосуға ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған басым бағыттарды жүзеге асыру – тек мемлекеттің емес, әрбір жастың парызы.
Қорытындылай келе, биылғы Жолдау – жастар үшін жаңа мақсат пен шабыттың бастауы. Біз, Сәтбаев қаласының жастары, Президент айқындаған бағытты қолдай отырып, еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етуге дайынбыз.

Үміт – бізде, мүмкіндік – біздің қолымызда!

Сәтбаев қаласы Жастар ресурстық орталығы
директорының орынбасары
Сыздықбаева Жұлдызай

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *