Президент МГИМО студенттерімен кездесті

Жаңалықты бөлісіңіз:

Президент МГИМО студенттерімен кездесті

 

Мәскеуге мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық қатынастар Мәскеу мемлекеттік институтының (МГИМО) студенттерімен кездесті.

 

Кездесу қазақ тілінде өтті. Студенттер Мемлекет басшысына өздерінің оқу үдерісінде оның еңбектерінде баяндалған дипломатия мен ашықтық қағидаттарын үйреніп жатқанын атап өтті.

 

Сондай-ақ жас буын қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына ерекше қызығушылық танытатындарын жеткізді.

 

– Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өсиеті біз үшін өте қымбат. Біз Ресей мен Қазақстанды — мәңгі достықтың қос қанаты деп білеміз. Екі ел мен екі халықты шынайы достық байланысы біріктіреді, – деді студенттердің бірі.

 

Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ықыласын жоғары бағалап, сәттілік тіледі.

 

– МГИМО – әлемге әйгілі беделді оқу орны. Бүгінде Қазақстан – толыққанды тәуелсіз мемлекет. Сіздер бұл жерде алған білімдеріңізді елімізбен байланысты бағыттарда тиімді пайдалана аласыздар. Әртүрлі елдер туралы, әсіресе Қазақстан жайында көбірек білу – болашақ кәсіби жолдарыңыз бен жаһандық және аймақтық деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктеріңіз үшін үлкен артықшылық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Кездесу жылы әрі достық рухта өтті. Президент студенттермен ашық әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

 

Бұл кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен мәдени-рухани байланыстардың беки түсуіне айрықша үлес қосты.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *