«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 46 мыңға жуық оқушы орнына арналған 29 жаңа форматтағы мектеп пайдалануға берілуде. Бүгінгі таңда 23 мектеп ашылды, ал тағы 6 мектеп осы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл жаңа оқу орындары заманауи инфрақұрылыммен, интерактивті жабдықтармен және цифрлық білім беру ресурстарымен толық қамтылған. Мектептерде оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын зертхана, спорт және шығармашылық залдары қарастырылған. Сонымен қатар, білім беру үдерісіне инновациялық әдістемелер мен жаңа технологиялар енгізіліп, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Жоба аясында ауылдық және қалалық елді мекендер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту көзделіп отыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірдегі білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік береді.
