«Мәскеу Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындықты бастады»

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Мәскеу Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындықты бастады»

 

Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары қарсаңында Ресей және Қазақстанның туларын жұптап іліп қойды, деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Қала орталығына бағытталатын жол бойында, атап айтқанда Ленин даңғылынан бастап «Октябрьская» метро станциясына дейін көшелер екі елдің туларымен безендірілген.

 

Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейге барады. Сапар аясында оның Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

 

Бұған дейін Кремль Қазақстан президентінің алдағы мемлекеттік сапары барысында Путин мен Тоқаев екіжақты қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылайтынын хабарлаған.

Сонымен қатар, қос ел басшылары бейнеконференция арқылы Қазақстанның Орал қаласында өтетін Ресей мен Қазақстанның XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жасайды.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *