Кардиохирургиялық көмек қолжетімді

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жақында Ұлытау облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Құжаттың басты мақсаты – өңір тұрғындарына сапалы, уақтылы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасау.

Бағдарламаны дайын­дау барысын­да жо­ғары техноло­гия­лық медициналық көмек­тің қолжетімділігін жақсарту мәселелеріне, өңірдің медици­налық ұйымдары қызметінің жұмысына кешенді талдау жүргізілді, өзекті мәселелер анықталды, оларды кезең-кезеңімен шешу жөнінде шаралар ұсынылды. Соның бір дәлеліндей, ұлытаулықтарға жоғары технологиялық кардио­­­­хирургиялық көмек қол­жетімді болды.

Ұлытау облысында алғаш рет бес пациентке кардиовертер-дефибрилляторды импланттау бойынша жо­ғары технологиялық операция жасалды. Опера­циялар Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеу­меттік медициналық сақ­тандыру қорының, «Қазақмыс» кор­порациясының қол­дауымен, «Жезқазған» меди­циналық орталығының базасында орындалды. Жоба жетекшісі – UMC Heart Center интервенциялық аритмология бөлімшесінің меңгерушісі Өмірбек Мұз­дарұлы.

Бұған дейін сырқат адамдар мұндай қызметтерді Астана, Алматы, басқа да ірі қалалардың медициналық орта­лықтарынан алатын. Енді кардиохирургиялық көмек жергілікті жерде көрсетіледі. Бұл емделуге кететін шығын мен күту уақытын қысқартады. Айта кетерлігі, операциялар МӘМС жүйесі шеңберінде орындалады. Демек, өңірдің әрбір сақтандырылған пациен­тіне қолжетімді болады.

 

Ұлытау облысы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *