Осындайда сонау Қарақалпақстанда жүрген Төлеген Айбергеновтің, Нарынқолдағы Мұқағали Мақатаевтың жəне т.б. жастарды бірді-екілі өлеңдерін оқығанда-ақ аяқ алыстарын аңғарып қалып, Алматыға алдырған Əбділда Тəжібаев тың, сонау Шығыста жүрген Оралхан Бөкеевті, Атыраудағы Фариза Оңғарсынованы, Шымкенттегі Мұхтар Шахановты өзі басқаратын «Лениншіл жас» газетінің шаңырағына шақыр ған Шерхан Мұртазаның жас таланттарға деген қамқорлығы еске түседі. Біз кейде алыстағыны айтамыз да, айна ламыздағыны айналып өтеміз.
2000-жылы Наурыз мерекесінде Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы ашылды. Араға жыл сал май сол Сарайдың ішінен «Ш.Ділдебаев» музейі ұйымдасты рылды. Содан соң мұнда Шынкеңнің өнерін насихаттау, жастарды терме, жырға, айтысқа баулу мақсатында «Жас ақындар, термешілер мектебін» ашу қажеттігі туындағанда, сол мектепке кім жетекшілік жасайды деген мəселе де туындады. Мектептің бағыт -бағдары белгілі болғанмен қалай жұмыс істей тіні айқындала қоймаған еді. Өйткені, қаржыландыру мəселесі шешілмеген еді. Тіпті, қаржыландыру бола ма, жоқ па, бұл жағы мүлдем анықталмаған еді. Міне, сол тұста мектепке ақысыз пұлсыз жетекшілік жасауды ақын Ғалил Жəнібеков өз мойнына алды. Өзі жұмыс істей жүріп қаладағы мектептерді аралап өлең жазатын, терме, жырға икемі бар, айтысқа ыңғайы бар деген балаларды Сарайға жинады. Соларды тəрбиеледі, қанаттандырды. Соның нəтижесінде Сəтбаев қаласында алғаш рет оқушылар айтысы өткізіліп, кейін ол аймақтық сипат алды. Сол мектепке келіп, алғаш қолына домбыра ұстағандар, өлең оқығандар мен сөз сайысына қатысқандардың көпшілігі қазір республикаға танымал. Əрине, əркімге дарынның табиғатынан берілетіні даусыз. Бірақ, соларды танып, тауып, үлкен жолға салып жіберу керек емес пе? Ұстаздық деген – сол! Осы тұрғыдан келгенде Ғалил Жəнібековтің еңбегі өлшеусіз. Ол қазір Көкшетау облысында тұрады. Жақында ҚР мəдениет сала сының үздігі төсбелгісімен марапатталды. Өте орынды! Ғалекең ол жақта да мəдениет пен өнердің ортасында жүрсе керек!