🇰🇿🇺🇸Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды

Жаңалықты бөлісіңіз:

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

 

Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

 

Сапар барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, сауда, энергетика, көлік және жоғары технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылады.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

 

«Орталық Азия – АҚШ» (C5+1) форматындағы саммит аясында Мемлекет басшысы өңір елдерінің басшыларымен және америкалық тараппен бірлескен бастамаларды талқылайды. Кездесу барысында экологиялық және көлік-логистикалық бағыттар, жасыл энергетика, инновациялар мен білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері де күн тәртібінде болады.

 

Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын ілгерілету, екіжақты әріптестікті жаңа деңгейге шығару және елдің ұлттық мүдделерін халықаралық аренада ілгерілету.

 

t.me/aqorda_resmi

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *