✍️Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.
✔️Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан барлық жұмысты реттейтін бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеуді ұсынған еді. Президент бұл идеяны қолдап, оның мемлекеттік құрылымдар жұмысын жүйелендіруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын.
✔️Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сөйлеген сөздерін, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге ала отырып, «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» құжатын дайындады.
✔️Тұжырымдамалық құжатты әзірлеуге Ұлттық құрылтайдың мүшелері, сарапшылар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене атсалысты.
✔️Аталған
