«Келешек мектептерінің» педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан өтті
📩 ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда.
Біліктілікті арттыру курстарының мақсаты – жаңа үлгідегі мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің заманауи білім беру технологияларын меңгеруіне, инновациялық әдістерді тәжірибеде қолдануына және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға жағдай жасау.
Курс бағдарламасы аясында тыңдаушылар білім берудегі цифрлық экожүйені тиімді пайдалану, инклюзивті орта қалыптастыру, жобалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ оқытудың сараланған тәсілдерін енгізу бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті.
Оқыту барысында педагогтерге жаңа оқу жабдықтары мен цифрлық платформаларды қолдану жолдары көрсетіліп, оқу процесін тиімді ұйымдастырудың үздік тәжірибелері таныстырылды. Сонымен қатар, тренингтер мен шеберлік сабақтарында қатысушылар заманауи педагогикалық идеялармен бөлісіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
«Келешек мектептері» жобасы – сапалы білім берудің жаңа үлгісі. Бұл бастама оқушыларға қолайлы, қауіпсіз және заманауи орта қалыптастырумен қатар, ұстаздардың кәсіби әлеуетін көтеруді көздейді. Алдағы уақытта да «Өрлеу» орталығы мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдап, олардың білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыратын болады.
Толығырақ ақпаратты gov.kz
сайтынан оқуға болады.
