Жұмысшы мамандықтар жылы
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандыру және өндіріс саласын дамыту мақсатында қолға алынған маңызды қадам.
Қазіргі заманда кез келген елдің экономикалық дамуы мен тұрақтылығы білікті жұмысшы кадрларға тікелей байланысты. Электрик, дәнекерлеуші, механик, аспаз, құрылысшы, тігінші сияқты мамандықтар қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл салаларға ерекше көңіл бөлінуі орынды.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіптік-техникалық оқу орындары жаңартылып, дуальды оқыту жүйесі кеңейтілуде. Жастарға заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге, өз ісін ашуға мүмкіндік беретін түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ үздік жұмысшыларға арналған конкурстар мен шеберлік байқаулары өткізіліп, олардың еңбегі лайықты бағалануда.
Еңбек – елдің ертеңі. Әрбір адал жұмыс, әрбір қолөнер мен кәсіп – қоғамға пайда әкеледі. Сондықтан да жұмысшы мамандығын таңдау – мақтанышқа лайық іс.
