ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жаңалықты бөлісіңіз:

Сергей Самохвалов, Қазақстан діни бірлестіктер қауымдастығының мүшесі, богословия магистрі

Бүгінгі таңда әлем өркениеті жаңа тарихи кезеңге – жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дәуіріне аяқ басты. Қазақстан да бұл бағыттағы жаһандық өзгерістердің бел ортасында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллекттің адамзат өміріне ықпалы күннен күнге артып келе жатқанын, бұл үдерістің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуымызға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Алайда цифрлық серпіліспен бірге адамзаттың рухани және моральдық жауапкершілігі де арта түсуде. Технологиялық даму – тек техниканың қуаты емес, ол ең алдымен адам санасының жетілуін, рухани құндылықтардың сақталуын талап етеді. Себебі кез келген технология адамға қызмет етуі тиіс, ал адамның парызы – оны ізгілік жолында қолдану.

Жасанды интеллект өміріміздің барлық саласына еніп, шешім қабылдау мәдениетімізге, ойлау жүйемізге, қарым-қатынас форматына өзгеріс әкеліп отыр. Осындай кезеңде рухани бағдар мен адамгершілік ұстанымның маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Тек технологияға сүйеніп, рухани түп-тамырдан ажырау – қоғам үшін үлкен қатер.

Қазақстанда цифрлық даму мен инновациялық серпіліс бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл – елдің өркендеу жолындағы маңызды қадам. Дегенмен кез келген прогрестің өзегі – адам капиталы. Яғни, білімді, парасатты және жауапкершілігі жоғары азаматтар ғана елді жаңа технологиялық биіктерге жеткізе алады.

Сондықтан да цифрлық трансформация дәуірінде рухани және адамгершілік тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені технология қаншалықты дамыса да, адамның адамдық қасиеті мен ішкі мәдениеті басты орында тұруы тиіс.

Жасанды интеллект дәуірі – тек мүмкіндіктер заманы емес, сонымен бірге адамзаттың рухани таңдауының уақыты. Біз жаңа технологияларды игере отырып, адамдық болмысымызды, ар-ожданымызды және ұлттық құндылықтарымызды сақтай білсек, онда бұл дәуір – біздің өркениеттік жетістігімізге айналары сөзсіз.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *