Келешектер мектебі

Жаңалықты бөлісіңіз:

Бұл жоба еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды қадамы болып табылады. «Келешек мектептері» заманауи инфрақұрылыммен, цифрлық технологиялармен және оқытуға ыңғайлы орта қалыптастыратын инновациялық шешімдермен қамтамасыз етіледі. Мұндай мектептерде оқушылардың жан-жақты дамуына, сыни ойлау қабілетін арттыруға және практикалық дағдыларды меңгеруге басымдық беріледі.

 

Сонымен қатар, жобаның аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, елімізде сапалы білімге қолжетімділік кеңейіп, болашақ ұрпақтың әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік туады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *