«Табысыңды көбейт, үйде отырып ақша тап» — алаяқтардың тұзағы

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Табысыңды көбейт, үйде отырып ақша тап» — алаяқтардың тұзағы

 

Қазіргі уақытта интернет пен әлеуметтік желілерде «Табысыңды көбейт!», «Үйде отырып оңай ақша тап!», «Күніне 50 000 теңге табыс!» деген жарнамаларды жиі кездестіреміз. Көп жағдайда мұндай ұсыныстардың артында интернет-алаяқтар тұрады. Олар адамдардың тез байығысы келетін психологиясын пайдаланып, алдап кетеді.

 

Алаяқтар түрлі тәсіл қолданады: жалған инвестициялық жобалар ұсынады, онлайн жұмысқа орналастырамыз деп алдын ала «тіркелу жарнасын» сұрайды, не болмаса жеке деректер мен банк картасының нөмірін талап етеді. Мұндай әрекеттердің бәрі адамның жеке қаражатын иемдену мақсатында жасалады.

 

Сенімді жұмыс пен табыс көзі ешқашан «бір күнде байытуға» уәде бермейді. Шынайы компаниялар ресми сайт арқылы жұмыс ұсынады және ешқашан алдын ала төлем талап етпейді. Сондықтан кез келген онлайн ұсынысқа сақтықпен қарау керек.

 

Егер күмәнді хабарлама немесе сілтеме келсе, оны ашпай, дереу бұғаттаған жөн. Сондай-ақ мұндай жағдайды полицияға немесе Киберқылмысқа қарсы қызметке хабарлаған дұрыс.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *