ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТАҒЫ ӘДІЛДІК: МАСЫЛДЫҚ пен АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

Жаңалықты бөлісіңіз:

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТАҒЫ ӘДІЛДІК: МАСЫЛДЫҚ пен АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында әлеуметтік саясаттың басты бағыттарын айқындап берді. Президенттің айтуынша, әлеуметтік қолдау жүйесі әділ, тиімді және еңбекке ынталандыратын сипатта болуы тиіс. «Сенімге – серпін» ұраны ел мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілік пен сенімді нығайту идеясын көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда әлеумет тік төлемдер мен жәрдемақыларға жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Бұл – халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағыт талған маңызды қадам. Дегенмен, Пре зидент атап өткендей, жүйеде масылдық пен алаяқтық көріністері әлі де бар. Кей азаматтар әлеуметтік көмекті уақытша қолдау емес, өмір сүрудің негізгі көзіне айналдырған. Мұндай жағдай қоғамдағы әділдік принципіне қайшы келеді. Осыған байланысты мемлекет әле уметтік саясатты жаңаша бағытта да мытуға кірісті. Ендігі мақсат – еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа тарту, олардың табыс табуына мүмкіндік жасау. Әлеуметтік қолдау шын мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі керек. Бұл үшін тиісті министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы қайта қаралады. Президент өз сөзінде «еңбек еткен адам – табысқа жетеді» қағидатын нақты атап өтті. Бұл қағида жаңа әлеуметтік саясаттың өзегіне айналуы тиіс. Адал еңбек пен жеке жауапкершілік қоғамда шынайы бағаланғанда ғана әлеуметтік теңдік пен тұрақтылық орнайды. Сонымен қатар, жәрдемақы мен әлеу- меттік төлемдерді заңсыз рәсімдеу, жалған құжат дайындау, алаяқтық жол мен қаржы алу деректеріне қарсы күрес күшейтіледі. Бұл бағытта цифрлық бақы лау жүйелері енгізіліп, төлемдердің әділ бөлінуі қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысы айтқандай, ха лықтың әл-ауқаты – мемлекеттің басты капиталы. Сондықтан әлеуметтік әділдік қағидатын ұстану – қоғамның тұрақты дамуының кепілі. «Сенімге – серпін!» ұраны аясын дағы бұл бастамалар ел азаматтарының мемлекетке деген сенімін арттырып қана қоймай, жаңа еңбек мәдениетін қалып тастыруға жол ашады. Әлеуметтік сая саттағы әділдік пен ашықтық – әділетті Қазақстанның берік негізі болмақ.
Жезқазған қаласының Ардагерлер кеңесі.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *