жаңалық
Чт. Окт 30th, 2025

Ұлытау облысында студенттер арасында алаяқтық пен дропперліктің алдын алу тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті.

Жаңалықты бөлісіңіз:

Ұлытау облысында студенттер арасында алаяқтық пен дропперліктің алдын алу тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті

Ұлытау облысында жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және алаяқтықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Алаяқтардан сақтанудың жолдары» атты әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

Байқауға өңірдегі колледж студенттері қатысып, өз туындылары арқылы қоғамды интернеттегі қаржылық қылмыстар мен дропперлік әрекеттердің қауіптілігі туралы хабардар етуді көздеді. Әр бейнеролик жастардың шығармашылық көзқарасын, жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.

Қорытындысында, қазылар алқасының шешімімен:

🥇 I орын – Жезқазған технология және сервис колледжі

🥈 II орын – Жезқазған бизнес және көлік колледжі

🥉 III орын – Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі иеленді.

 

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырған Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдері жастарды цифрлық гигиена ережелерін сақтауға және күмәнді қаржылық операциялардан алшақ болуға шақырды.

Осындай бастамалар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *