2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, еңбек адамдарының қоғамдағы орнын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бастама жастарды техникалық және өндірістік салаларға тартуға, олардың қол еңбегіне деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған. Сол мамандықтардың ішінде ерекше мәнге ие бағыттардың бірі – автослесарь мамандығы.
Автослесарь – көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап, ақауларын анықтап, жөндеумен айналысатын маман. Ол қозғалтқыштың жұмысын реттеп, электр және тежеу жүйелерін қалпына келтіреді. Қазіргі заманда көліктердің түрі мен құрылымы күрделеніп келе жатқандықтан, білікті автослесарьларға деген сұраныс өте жоғары.
Бүгінде автослесарь тек қарапайым шебер емес, ол – инженерлік ойлау қабілеті бар, заманауи техника мен диагностикалық құралдарды меңгерген кәсіби маман. Әрбір ақауды дәл анықтап, оны тиімді әдіспен жөндеу үшін үлкен тәжірибе мен білім қажет.
Кәсіптік және техникалық білім беру орындарында студенттер бұл мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, тәжірибелік сабақтарда нақты жұмыстарды орындау арқылы өз шеберліктерін жетілдіреді. Сабақ барысында олар көліктің құрылысын зерттеп, бөлшектерді ауыстыру, техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік ережелерін сақтау тәсілдерін үйренеді.
Автослесарь мамандығы – өміршең әрі тұрақты кәсіп. Себебі қоғамда көлік қозғалысы үздіксіз, ал олардың дұрыс жұмыс істеуі осы мамандардың қолында. Сондықтан бұл кәсіп иелері ел экономикасы мен тұрғындардың күнделікті тұрмысында маңызды рөл атқарады.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында автослесарь секілді техникалық бағыттағы кәсіптерге назар аудару – елдің өндірістік әлеуетін арттыру мен жастарды еңбекке баулудың тиімді жолы. Бұл мамандықты игерген жас мамандар – болашақта еліміздің дамуына елеулі үлес қосатын білікті кадрлар болмақ.
