Бүгінгі заман – ақпарат пен технология ғасыры. Әлемнің дамыған елдері өз жетістіктерін цифрлық экономика мен жасанды интеллекттің қуатына сүйеніп қол жеткізіп отыр. Сондықтан да Қазақстан міндетті түрде жаппай цифрлы елге айналуы тиіс. Бұл — таңдау емес, уақыт талабы.
Цифрландыру — мемлекеттік басқарудан бастап, ауыл шаруашылығы мен білім, медицина және бизнеске дейін барлық саланың тиімділігін арттыратын күш. Әрбір азамат заманауи цифрлы қызметтерге қол жеткізіп, өмірін жеңілдетуі керек.
Біздің мақсатымыз — цифрлы сауатты ұлт қалыптастыру, инновациялық экономиканы дамыту, және әр өңірде тең мүмкіндік орнату. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы – осы бағыттағы басты стратегиялық қадам.
Болашақ — технологияны игерген ұлттың қолында. Сол болашаққа бірге қадам басайық!
Цифрлы Қазақстан – кемел келешек кепілі!
