*Ұлытау облысында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жастармен кездесті*
2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ұлытау облысының жастарымен кездесті.
Іс-шараға облыстың белсенді жастары, жас мамандар, мемлекеттік қызметкерлер, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова жүргізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жастардың инновациялық бастамаларын қолдау, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік жобаларға қатысуға жағдай жасау – Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі екендігі айтылды.
Жиын барысында Жезқазған қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов пен Сәтбаев қаласы мәслихатының депутаты, «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Сейтпеков сөз сөйлеп, жаста
