«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Бастама 2023–2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 217 мектепті пайдалануға беруді көздейді. Бұл жоба еліміздің білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, оқушыларға заманауи әрі қолайлы білім ордаларын ұсынуды мақсат етеді.
Жаңа мектептер соңғы технологиялармен жабдықталып, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Мұнда STEM-зертханалар, ІТ-сыныптар, кітапханалар мен спорттық кешендер жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, ерекше білімді қажет ететін балалар үшін арнайы кеңістіктер қарастырылған.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік беретін маңызды бастама. Бұл – еліміздің болашағына, жас ұрпақтың сапалы білім алуына бағытталған нақты қадам.
