Ұлытау облысында педагогтер арасындағы кәсіби шеберлік байқауы аяқталды

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде энергетика саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында II Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара өңірдің білім саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.

Байқаудың басты мақсаты — озық педагогикалық тәжірибемен алмасу, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу және жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау болды.

Байқауға Алматы, Өскемен, Маңғыстау, Риддер, Атырау және Жезқазған қалаларынан келген оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, әдістемелік жетістіктерін, заманауи білім беру технологияларын және студенттермен тиімді жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.


Қатысушылардың жұмысын Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, салалық ұйымдардың өкілдері мен басқа өңірлерден келген мамандардан құралған білікті қазылар алқасы бағалады. Байқаудың әр кезеңі педагогтердің теориялық және практикалық білімін, кәсіби дағдыларын нақты өндірістік ортаға барынша жақын жағдайда тексеруге бағытталды.

Өз сөздерінде облыстық білім басқармасының өкілдері, Жезқазған политехникалық колледжінің директоры Бота Аман осындай байқаулардың педагог мамандығының беделін арттыруға, үздіксіз кәсіби дамуға ынталандыруға, білім беруге инновация енгізуге және білікті жұмысшы кадрларды даярлауға үлес қосатынын атап өтті. Мұндай іс-шаралар жаңашыл көзқарастағы, білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізуге дайын заманауи ұстаздар қауымын қалыптастырады.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша:
1-орынды — Маңғыстау энергетикалық колледжінің педагогі Баймұхан Жұмағазы иеленді;
2-орынды — Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің педагогі Ақбаян Еділбаева алды;
3-орынды — Өскемен политехникалық колледжінің педагогі Дана Рамазанова мен Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің оқытушысы Жігер Нұрпеисов бөлісті.

Барлық жеңімпаздар облыстық білім басқармасының құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Жаухар Тұрсынова байқау пікір, идея және алдағы бірлескен жұмыс жоспарларымен алмасуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның айтуынша, Палата өңірдегі колледждермен дуальды оқыту аясында әріптестік байланысын жалғастырып, білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы дәнекер көпір қызметін атқаруда.

— Бұл байқау педагогтердің кәсіби дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар білім беру саласындағы жаңа жетістіктерге шабыт көзіне және жұмысшы мамандықтарын дәріптеудегі маңызды қадамға айналды, — деп атап өтті Жаухар Саматқызы.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *